Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Қамқоршылық кеңесі


Болгар мектеп-бақшасының қамқоршылық кеңесі туралы

Болгар мектеп-бақшасында  қамқоршылық кеңесінің мүшелері алғашқы отырысында қамқоршылық кеңестің төрағасы мен хатшысын сайлап, кеңес жұмыстарымен танысып, мектептегі күн-көрісі төмен және көпбалалы, қамқоршылық тәрбиедегі оқушыларға көмек көрсету жолдарын қарастырды.

«Болгар мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

қамқоршылық кеңесінің отырысы

                                                                                              Хаттама № 4
Болгарка ауылы                                                                                                                                     26.01.2019  ж
Қатысушылар:

1. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері: 9 адам

2. Директордың тәрбие орынбасары Э.А.Алманиязова 

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. Кәмелетке толмағандар арасындағы  құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары

2. "Педагог мәртебесі" туралы Заң жобасын талқылау

Тыңдалды:

Қамқоршылық кеңесінің хатшысы Маринова В.  күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында Түркістан қаласындағы оқушылар арасында болған қатігездік туралы әлеуметтік желіде таратылған видео көрсетілді. 

1-мәселе бойынша  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.А.Алманиязова сөз алды.

 Бүгінгі таңда басты мәселелердің бірі мектеп оқушылары арасындағы құқықбұзушылық мәселесі сөз болды.

Мектепте оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен кәмелетке толмағандардың құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту мен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау мақсатында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқанын, ауылдың учаскелік испекторымен дәрістер ұйымдастырғанын, ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жасайтынын, түнгі рейдке шығып жүргендерін сөз етті. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру және қадағалау, «Салауатты өмір салты үшін», «Қамқорлық» акциясы, «Түнгі ауыл» кезекшілік рейді «Құқықтық тәрбие» бойынша іс-шаралар өтіп жатқанын баяндады. Құқықбұзушылық әрекетін жасаған бала мектепшілік және аудандық ІІБ есебіне тіркелетінін ер балаларға жеткізіп айтты.

Кеңес мүшесі  Алманиязов А. :

Қазіргі күні ата-аналар тарапынан құқықтық тәрбие аз беріліп жатыр. Балаға еш көңіл бөлмейді. Ата-ана мектеп жасындағы балаларды үйде немесе интернетпен жалғыз қалдырмау, әртүрлі сайттардан аулақ болу, ВКонтекте, ватсап желілерін қолданбау немесе қолданған жағдайда тексеріп отыру, түнде телефон, интернетті өшіру, баламен тығыз байланысты болу керектігін айтты.

Кеңес мүшесі Тырнаков Б.А.:  Құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында құқытқтың тәрбие жұмысы қолға алынып, оқушыларды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу басты мақсат болып отыр.

2-мәселе бойынша   Болгар мектеп-бақша директоры А.М.Амирбаев сөз алды

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы  таныстырылды.

«Педагог мәртебесі» туралы  Қазақстан Республикасының Заңы

Заңның   жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі

     Заң жобасының тұжырымдамасы Елбасының 2018 жылдың 5 қа­за­­нын­дағы «Қазақстандықтардың әл-ау­қатының өсуі: табыс пен тұрмыс са­па­сын арттыру» атты Қазақстан халқы­на Жолдауы аясында әзірленген бо­латын.«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында, оқушы және мұ­ғалім жүктемесін азайту мәселелері, тексерістерді азайту,30 жылдық еңбек өтілі бар ұстаздарды зейнетке ерте шығаруды ұсынып отыр.

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:Елбасы биылғы Жолдауында жария еткен педагог мәртебесін көтеруге бағытталған жаңа Заң ұстаз беделін арттырып, қоғамдағы ұлы мамандық иелерінің мәртебесін көтеруге ерекше ықпал етпек. Заң жобасын толық қолдаймыз. 

Шешім:

1. 1. Кәмелетке толмағандар арасындағы  құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында ер балалар  жиналыстары көп өткізілсін, ата-аналармен тығыз байланыс орнатылсын. "Ер балалар клубы" жұмысын жандандырсын

 2. Педагог мәртебесі туралы Заң жобасын  қанағаттанарлық деп танылсын.

                                          Қамқоршылық кеңесінің төрағасы                          Ксупов К

                                                                                   Хатшы                                 Алманиязова Э.А.